МЕДИАЦИЯ – БІТІМГЕРШІЛІК АЛАҢЫ
Бейсенбі күні 244 Ы.Жақаев атындағы мектепте «Медиация бітімгершілік алаңы» атты семинар-кездесу өтті. Жиынға ауылдардағы қоғамдық медиаторлар, педагог-психологтар қатысты.
Қоғамдық қарым-қатынаста екі адам дауды өздігінен шеше алмай, соңы сотқа жүгінумен аяқталып жатады. Алайда сот отырысында судья қатысушыларды тыңдап, өз шешімін табады. Әйтсе де, бір тарап қанағаттанбауы мүмкін. Сондықтан дауды шешу барысында, екі жақты біріктіретін медиацияға жүгіну ұсынылады. Сол мақсатты кеңірек түсіндіру үшін семинарға Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы Медиаторлар кеңесінің төрайымы Ләззат Бақтыбаева Шиеліге келді. Ол медиация саласында атқарылып жатқан жұмыстарды толықтай баяндады.

– Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан мүдделі мемлекеттік құрылымдармен бірлескен түрде өңірде медиация институтын ілгерілетуге және дауларды соттан тыс шешу жолдарын насихаттау бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды. Есепті мерзімде ҚХА медиаторларына барлық келіп түскен өтініштер бойынша барлығы 92-ден аса, оның ішінде этносаралық даулар орын алған жоқ. Жыл басынан облыс көлемінде медиацияға қатысты 123 түрлі форматты кездесулер, жиындар, шаралар өтті. Оған 6180-нен астам тұрғын қамтылды. Жалпы медиация институттарын дамыту қажет. Қазақ халқының дәстрүрлі билер мен ата-бабалар тағылымын қалпына келтіруге жасалған игі қадамдардың бірі екені сөзсіз, – деді.
Кезекті сөзді алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Шакизат Абдрахманова: «Медиацияның мақсаты – өзара тиімді әрі қолайлы келісімге келу. Екі тарапты татуластыру, яғни талапкер мен жауапкер өзара келісімдері арқылы бір мәмілеге келуі», – деп пікір білдірді.
Сонымен қатар 18-25 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша мектептік медиацияны дамыту қолға алынды. Осы орайда өңірде медиация институтын насихаттау, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында облыстық ғылыми жоба ұйымдастырылған. Нәтижесінде №244 орта мектептің 11 сынып оқушысы Таңшолпан Қалиева және оның жетекшісі Аймауыт Жанділдаев I орынды жеңіп алды. Бұл дегеніміз – аудан үшін ғылыми жетістік.
Семинар барысында дауларды сотқа жеткізбей медиация тәртібімен шешу туралы мәселелер талқыланды, ұсыныстар айтылды. Қатысушылар өз білімімен бөлісті. Айта кетейік, іс-шара «Қоғамдық келісім» мекемесінің Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Біржан Бақтыбайұлының жетекшілігімен өткізілді.
Айнұр ИБРАШЕВА