Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектептік медиацияны дамыту

Мектептік медиацияны дамыту

Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Бітім» медиация орталығының ұйымдастыруымен Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік жобасы аясында қалалық жалпы білім беру мектептерінің психолог-мамандарына кәсіби медиация негіздерін үйрету бойынша оқыту курсы басталды. Оқыту курсының алғашқы күні медиация жайлы жалпы мағлұматтармен басталса, алдағы уақытта медиация тәсілінің қыр-сырын үйретіп, дауды шешудің әдістері және оң тәжірибелер талқыланады. Курсқа Қызылорда қаласындағы барлық 54 мектептің 101 психолог-маманы қамтылып, кәсіби медиаторлар тізіміне енгізіледі, нәтижесінде қаладағы барлық мектепте медиация кабинетін ашу жоспарлануда. 
Мектептік медиацияны дамытуға бағытталған бұл қадам медиация институтын өңірде кеңінен дамытуға оң серпіліс беріп, білім беру саласында туындайтын даулы мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашады.


14 тамыз 2019 ж. 849 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930