Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-жаттығу жиыны өтті

Оқу-жаттығу жиыны өтті

Бейсенбі күні ауданда «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау» тақырыбында «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтың оқу-жаттығу жиыны өтті.
Оқу-жаттығуға аудан әкімінің аппараты, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы, азаматтық қорғаудың аудандық қызметтері, авариялық-құтқару қызметтерінің және азаматтық қорғаныс құрамалары, ұйымдар мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Бұған аудан әкімі Нұржан Ахатов арнайы қатысып, басшылық жасады. Сонымен бірге өңірлік штаб бастығы болып Шиелі ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Мампаев бекітілді.
Бұдан бөлек азаматтық қорғаудың 14 қызметі және аудандық авариялық-құтқару құрамалары бойынша 54 техника жұмылдырылып, 181 адам қысқа дайындықты пысықтады.
Оқу-жаттығу алдымен «Шымкент-Самара» тас жолы бойында қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін құтқару құрамалары мен аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өткізілді. Одан кейін төтенше жағдайдың алдын алу мен жою іс-қимылдары ­бойынша практикалық оқу-жаттығу жұмыстары Шиелі аудандық электр тарату торабында жалғасты. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру тобы мен жедел жәрдем бригадасы атсалысты.

Дархан Байтілес
27 қараша 2023 ж. 109 0

Қоғам

ШАРАПАТЫ МОЛ ШАРА
04 мамыр 2024 ж. 47

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031