Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ҚЫС-2023» штабтық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

«ҚЫС-2023» штабтық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді

Бүгін Қызылорда қаласында «Қыс – 2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.Сырдария өзенінің сол жағалауында ұйымдастырылған оқу-жаттығу жұмыстарының I-кезеңіне қала әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев, Департамент бастығының орынбасары полковник Бекболат Әбдіқадыров және әр саланың жауапты мамандары қатысып, қаланың азаматтық қорғау қызметтеріне саптық қарау жұмыстарын жүргізді.

Қысқы кезеңдегі жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға 14 қызметтен барлығы 39 техника мен 146 қызметкер жұмылдырылды.

Қала әкімінің орынбасары арнайы техникалардың және әр қызметтің жұмысымен танысып, қызметкерлердің дайындығын тексерді. Оқу-жаттығудың II-кезеңі, яғни практикалық іс-шара Қызылорда жылу электр орталығында өрт оқиғасы орын алуымен басталды. Оқу жаттығу жоспарына сай Қызылорда жылу электр орталығында орын алған өртті ауыздықтау барысында бірінші кезекте газ бен электр қуаттарын ажыратып, апатты жағдайды жою бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету де пысықталды.Шара барысында ғимараттағы қызметкерлерді эвакуациялау сынды барлық қажетті дайындық шаралары қамтылды. Бұл іс-шараға 13 бірлік техника, 90 адам жұмылдырылды.
24 қараша 2023 ж. 164 0

Қоғам

ҚАРА ӨЛЕҢГЕ ҚҰМАР ЕЛЕНА
01 мамыр 2024 ж. 117

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031