Оқу-жаттығу шарасы пысықталды
Әдеттегідей, күз мезгілі жиын-терім жұмысы аяқталып, қыс маусымына дайындықтың қызатын шағы. Осы орайда, ауданда қыс мезгіліне әзірлікті пысықтау барысында «Қыс-2018» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Алғашқы дабыл түскеннен «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысатын мекемелердің дайындығы пысықталды. Атап айтқанда, авариялық-құтқару қызметтері, азаматтық қорғау қызметтерi мен оқу-жаттығуға қатысатын мекеме, кəсіпорын басшыларына тапсырмалар берілді. Аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жою жөніндегі комиссиясының шешімімен аудандық авариялық-құтқару құрамаларымен іс-жүзіндегі арнайы тактикалық жаттығулар өткізілетін орындар, практикалық іс-шараға қатысатын күш-құралдар топтамалары белгіленді. «Шымкент-Самара» тас жолы бойында қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға авариялық-құтқару құрамаларының аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өткізілді. Онда, 17 құрама, 53 техника, 179 адам қатысып, аудан əкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ж.Мампаев аудандық авариялық-құтқару құрамаларының, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын тексерді. Шараның басты мақсаты – қыс мезгілінде қандай да бір төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың зардабтарын жоюға қатысатын күштер мен құралдардың әзірлігін және өзара іс-қимылдарын нақтылау еді. Бұл халық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты міндет болып саналады.
Мұнан әрі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің «Кіші жылу бу қазандығындағы аварияларды жою» тақырыбы бойынша қысқы мезгілге дайындығы пысықталды. Құтқару командасына 8 құрама, 13 техника, 57 адам қатыстырылды. Мұнан соң, үшінші оқу-жаттығу нысаны бойынша Қосүйеңкі елді-мекені тұсында «Шиелі-Тайқоңыр» тас жолында өтті. «Республикалық жəне жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы авариялардың зардаптарын жою» тақырыбы бойынша оқу жаттығу өтіп, берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, зардаптарды жойды. Қыс мезгілінде Сауысқандық асуында қардың көптеп түсуі автокөліктерге кептеліс тудыратын аймақ болғандықтан, осы келеңсіздіктің алдын алу мақсатындағы жаттығуға 7 құрама, 14 техника, 50 адам қатысты. Төтенше жағдай кезінде барлық құрылымдар мен техникалар үнемі дайындықта болуы басты назарға алынды. Атқарылған іс-қимылдар бойынша сұрақтар қойылып, тараптар тыңдалды. Жұмыстар кестеге сай жүргізіліп, оң бағасын алды.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.