Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу барысы пысықталды

Төтенше жағдайлардың алдын алу барысы пысықталды


Жуырда аудан әкімінің орынбаса­ры Т.Жа­ғып­ба­ровтың­ басқаруымен кезекті комиссия­ оты­­р­ысы өтті. Төтенше жағдайлардың алдын­ алу бағытындағы отырысқа ауданның азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес­ бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты. күн тәртібіндегі 4 мәселе – кеңейтілген жиналыстың арқауы болды.
Бірінші мәселе бойынша, аса қауіпті жұқпалы сарып және туберкулез ауруларының алдын алу, болдырмау, сырттан әкелу және оның таралуына жол бермеу мақсатында атқарылған іс-шаралар барысын баяндаған Гүлзада Садықбекқызына Т.Жағыпбаров біршама тапсырмалар жүктеді. Нақтырақ айтар болсақ, аудан көлемінде жұқпалы сарып ауруының алдын алу және төмендету мақсатында іс-шара жоспарының орындалуы тұрақты медициналық кеңесте, жұқпалы туберкулез ауруымен қалыптасып отырған індеттік ахуалы аудандық дәрігерлер кеңесінде талқылануы қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, басқа да айтылған мәселелерді осы жылдың соңына дейін орындауды тапсырды.
Кезекті кеңес отырысында көтерілген келесі мәселе Елбасының төрағалығымен 2014 жылдың 13 қарашасында өткізілген қауіпсіздік кеңесінің хаттамасында көрсетілген «Сібір жарасы» індеті ошақтарының координаттарын нақтылау болды. Осы тақырып төңірегінде баяндама жасаған аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ролан Досжан 5 сібір жарасы анықталып, олардың координаттары нақтыланғанын тілге тиек етті.
Жайма шуақ жаз кетіп, күз салқыны басталған сәтте жылу маусымының дайындық барысы да пысықталды. Алдағы қысқа дайындық барысын аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Дана Аман «156 әлеуметтік нысан белгіленіп, оның ішінде 119 көмірмен, 26 газбен жылытылады. Аудан бойынша қажетті отын қоры 13 300 тонна деп белгеліп отыр. Көптеген жерлерде бу қазандықтары ауыстырылған. Қысқа қызу дайындық басталып кетті» – деп баяндады. Одан әрі, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ш.Шеразов білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін күшейту мақсатындағы іс-шараларды айтып өтті. Отырыс барысында сала мамандарына тиісті тапсырмалар беріліп, жыл соңында сұралатынын жеткізді.
Г.Дүйсебай.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930