АДЫРАСПАННЫҢ АҚИҚАТЫ
Туған жеріңді сұраған жанға Қызылордадан екеніңді айтсаң, бірден «ол жақ ыстық қой, жасыл желек атымен жоқ, ағаштар, талдар өспейді ғой» деп әзіл аралас шындықты айтып жатады. Иә, Сыр жерінде ми қайнатар ыстықтың болатынын жоққа шығара алмаймыз. Алайда жасыл желек жоқ дегенге қарсымыз. Мәселен, Арал ауданы...