Серпін берген семинар-тренинг
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында “QAZAQSTAN JASTARY” қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» КММ-нің Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысының ұйымдастыруымен этнос өкілдерінің және медиаторлардың жұмысын белсенді етуге бағытталған семинар - тренинг өтті.
Шарага ішкі саясат бөлімінің маманы, Шиелі ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшы маманы, білім беру саласының кәсіби емес медиаторлары, аудандық медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсанындағы №148 жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа бағыттарының бірі елдегі медиация институттарын дамыту болып табылады.Медиатор - бұл бітімгершілік. Бұл - қазақ халқының ұлттық болмысына ең жақын ұғым. Дала билігінің дара тұлғалары - Төле би, Әйтеке билер бастаған дана билердің ел арасындағы кез - келген дау - дамайды бітімгершілік жолымен шешіп, халқымыздың бірлігін, жеріміздің тұтастығын сақтауға баса назар аударған. Яғни қолданысқа енген Қазақстан Республикасының "Медиация туралы" Заңы аты бөлек болғанымен қазақ құқығы үшін жат дүние емес.
Ауданда медиация бағытындағы жұмыстардың жай - күйін талқылау, медиаторларға кеңес беру мақсатында "Қоғамдық келісім" КММ - нің бөлім басшысы, медиация кабинетінің үйлестірушісі Ш. Абдраманова сөз алып медиация - істі сотқа жеткізбей шешу, онда жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де қатынастарына қатысты мәселелері қаралады. Тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндеп, татуластырып отырған дана бабаларымыздың бітімгершілік саясаты егеменді жаңа серпінмен қолға алынып келе жатыр екендігін тілге тиек етті.