Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Этносаралық татулық – саяси тұрақтылық кепіл

Этносаралық татулық – саяси тұрақтылық кепіл

Қазақстанда ұлттар достығының мызғымас үлгісі қалыптасқан. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайтын зайырлы мемлекетте өзге этнос өкілдерінің мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі дамуы үшін барлық мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктер тұрақтылықты сақтау мақсатында өзара тығыз байланыс орнатып келеді.
Қазіргі таңда Республикада 140-дан астам этнос өкілі өмір сүрсе, ауданда 18 ұлт өкілі тұрады. Этномәдени бірлестіктердің саны да жыл сайын өсуде. Облыс бойынша 11 этномәдени бірлестік болса, ауданда «Ұлт бірлігі» бірлестігі тұрақты жұмыс істеп келеді. Халықтың ізгі тілегімен құрылған бұл этномәдени бірлестіктер жылдар бойы көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды мәселелердің шешілуін қамтамасыз етіп, салт-дәстүрлерін сақтауға, тілі мен дінінің жаңғыруына оң ықпалын тигізуде.
Өткен аптада Шиелі аудандық индустриалды–аграрлық колледжінде «Этносаралық келісім – ұлт бірлігінің негізі» тақырыбында этнос өкілдерімен кездесу өтті. Шара келушілердің ұлттық нақыштағы көрмені ­тамашалау­дан басталды. Аталған шараны ішкі ­сая­сат бөлімінің тапсырысы аясында «Қазақстан жастар фракциясы» ҚК және «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің Шиелі ауданы бойынша сарапшысы ұйымдастырды. Шараға «Қоғамдық келісім» кеңесінің Шиелі ауданы ­бойынша төрағасы Мақсұт ­Ибрашев, Қызылорда облысының ішкі ­саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» кеңесінің хатшысы ­Бауыржан Үсенбаев, облыстық неміс этномәдени бірлестігінің белсендісі Светлана Крюгер, «Славяне» этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрайымы Галина Щербакова, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Лайла Пашаева, аудандық индустриалды – аграрлық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Дайрақұлов және жеке кәсіпкер Аида Цой қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Баймұратова сөз алып, этнос өкілдері мен біршама қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Г.СӘБИТҚЫЗЫ
30 қараша 2021 ж. 854 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031