Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер жат қылыққа әуестенбесін

Жасөспірімдер жат қылыққа әуестенбесін

 Бүгін Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде Қызылорда облысы білім басқармасының  білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Шиелі аудандық прокуратура, Шиелі АПБ, Шиелі аудандық Жастар ресурстық орталығы мамандарының қатысуымен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында І-ІІ курс білім алушыларыменкездесу өткізілді.
      Жиынды колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Дайрақұлов Бақтияр Таубайұлы ашып, колледжде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жасалып жатқан жұмыстарды баяндады.
     Жиынға арнайы келген Шиелі аудандық прокуратурасының прокурорыШубай Данияр Темірұлы құқықтық түсіндірме жасады. Шиелі АПБ-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы Ф.Сақтағанова жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың зардаптары мен  түнгі жүрістің келеңсіз тұстарына тоқталды. Сондай-ақ жиынға қатысқан «Жастар ресурстық орталығының» маманы Ы.Қаппаров  кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы ақпараттармен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.
     Құқықтық түсіндірулер барысында жастар арасындағы қылмыс туралы, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында бейнероликтер көрсетілді.
26 қараша 2022 ж. 483 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930