Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында №48 Ә. Қоңыратбаев атындағы қазақ орта мектебінде аудандық прокуратурасының прокуроры Бозбаев Елжас Ғалымұлының қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасында кеңінен тараған құқық бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіріліп, қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік түрлері түсіндірілді.
Бәрімізге белгілі Жастар қоғамымыздың өзегі болып табылады.
Жаңа ғасырда еліміздің өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты.
Ежелден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмағаны анық.
Прокуратура қызметкерлерімен қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.
Оқушыларға суицидтің, жыныстық қол сұғылмаушылықтың, нашақорлықтың, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтың және жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар анонимді сауалнамалар алынып, тиісті мамандармен зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Ата-аналар және оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Аудандық Ішкі Саясат Бөлімі ФБ парақшасынан



21 қараша 2021 ж. 1 063 0