Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жат қылық бізге жат

Жат қылық бізге жат

№46 А.Пушкин атындағы мектеп-лицейі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Достиярова мен 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» тақырыбында жасөспірімдер мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру мақсатында Шиелі АПБ-нің ЖПҚБ-нің КТІЖ-нің аға инспекторы, полиция майоры А.Мадиев пен КТІЖ-нің инспекторы, аға лейтенант Е.Абасиловтің қатысуымен кездесу өтті.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Түске дейін мектепке барып, түстен кейін қосымша үйірмеге қатысып, жаны қалаған іспен шұғылданған бала ешқашан артық іс-әрекетке бармайды.
Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, ішімдікке әуестенген балалардың көбісі жайсыз отабасынан шығады. Ата-ана баланың тағдырына алаңдамауынан өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Сол үшін бұғанасы бекімеген жеткіншек балалардың тәрбиесін қаперде ұстауымыз керек. Өйткені балалықпен жасаған қателіктің өзі өмірлік өкініш болуы мүмкін.
Полиция майоры А.Мадиевтің айтуынша, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылымыстың болмауына көп септігін тигізер еді.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» демей ме? Баланың жүріс-тұрысы мен тәрбиесін қадағалап отырсақ, жаға ұстатар жайттар мен жат қылықтар орын алмайды. Өскелең ұрпақ өз отанын сүйетін, абыройын асқақтататын патриот болып өседі. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға полиция қызметкерлері балаларды ақырын жүріп анық басуға шақырды. Ұрпақ тәрбиесіне бүгін мән бермесек, ертеңгі күні кеш болады.

Шапағат Тілеубаев

02 наурыз 2021 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930