Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ судан тапшылық болмасын

Аяқ судан тапшылық болмасын

Аяқ су каналдары тазалануда – syrboyi.kz Егіннің бітік шығуы тікелей аяқ суға байланысты. Ал ақ күрішін негізгі брендке айналдырған Шиелі халқы үшін аяқ судан тапшылық болмағаны маңызды. 2022 жылы елді мекендерді  аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында «Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының» тарапынан Қоғалы ауылдық округіне 1 дана дизельді және Жөлек ауылдық округіне 1 дана электрлі насос қондырғысы берілген. Сонымен қатар, ауданға қазіргі таңда Облыстық«Қазсушар» ШЖҚ  РМК-ның Қызылорда филиалы тарапынан 6 дана электорлы және 3 дана дизельді насос қондырғылары«Шиелі сушаруашылығы» мекемесіне берілді.
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметіне сүйенсек биылғы жылы су тапшылығын болдырмау мақсатында Шиелі ауданы бойынша шаруашылық аралық каналдар тазаланды. Атап айтқанда: 0-1 каналы ұзындығы 10 км , 0-2 каналы ұзындығы 3.8 км, Р-8 каналы ұзындығы 10 км, Р-10 каналы ұзындығы 8 км,  Р- 7 каналы ұзындығы 18 км тазаланып толығымен аяқталды. Сонымен қатар Жаңа Сұлутөбе каналы ұзындығы 27 км болатын  каналдың және Жаңа Бестам  ұзындығы 10.3 км каналдың тазалау жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда аудан бойынша шаруашылық аралық каналдар, барлығы  87,1 км болатын каналдың қазу, тазалау жұмыстары толығымен біткен.
Су жолдарын тазарту
Шиелі ауданы бойынша бүгінгі таңда шаруашылық аралық каналдарды қазу жұмыстарының жоспары - 271 мың м³ ал нақтысы 13 мың м³ болып 5% ды құрап отыр.  Сонымен қатар, ішкі шаруашылық каналдар бойынша жоспар – 115 мың м³, нақтысы 7 мың м³ болып 5% ды көрсетеді. Шиелі ауданы бойынша бүгінгі таңда 3 дана насос қондырғылары жөндеуді қажет етеді. Сонымен қатар, 24 гидробекеттерді жөндеу жоспарда бар.
26 қараша 2022 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930