Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 551 текше метр су келуде

551 текше метр су келуде

Биыл Сырдария өзеніндегі су тапшылығының алдын алу мақсатында Қызылорда ­облысында көптеген жобалар іске асырылуда. Атап айтсақ, облысқа қарасты елді мекендерге 61 насос қондырғысы жеткізіліп, 26 ұңғыманың бұрғылануы мен 14 каналды тазалау жұмыстары жүргізілген.
– Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы – 1 034 шақырымды құрайтын 162 каналды тазалау, 156 дана насос қондырғыларын сатып алу, 87 ұңғыманы жөндеу және бұрғылау, 322 дана гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта 7 каналдың тазалау жұмыстары толық аяқталды, – деді басқарма басшысы М.Құрманбаев.
Ал судың ағынына келер болсақ, қазіргі таңда Шардара су қоймасына секундына – 83 текше метр су түсіп жатқан көрінеді. Ал Шардара өзенінің төменгі ағысына – 550 текше метр су тасталуда. Қызылорда облысы шекарасынан Көктөбе су бекеті арқылы секундына – 551 текше метр су өтуде.
– Қазіргі жинақталған судың көлеміне байланысты есептеу жұмыстары жүргізілуде. Былтыр ­Сырдария өзенінде судың аз болуы – ауыл шаруашылығы саласы мен жеке шаруаларға тікелей әсерін тигізді. Сол себепті су тапшылығының алдын алу мақсатында Шардарада – 500 млн текше метр су артық жинақталды, – деді Арал-Сырдария инспекциясының бөлім басшысы С.Абуов.

«Өскен өңір» ақпарат
08 тамыз 2022 ж. 895 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31