Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында су тасқынына қарсы дайындық жүріп жатыр 

Қызылорда облысында су тасқынына қарсы дайындық жүріп жатыр 


Ақпан бел ортасынан асып көктемге дейін санаулы күндер қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Осы сең жүрер шақ Қызылорда өңірі үшін де қауіпті. Сырдарияның деңгейі «Шардарадағы» су көлеміне тікелей қатысты екені белгілі. Бүгінде аталған су қоймасында 4,4 миллиард текше мерт су жиналып, төмен қарай секундына 700 текше метрі түседі. Оның тең жартысы «Көксарай» су реттегішіне алынады. Ал Қызылорда облысы аумағынан секундына 390 текше метр су өтіп жатыр. Мамандар бұл көлем 750 текше метрден асқанда ғана шектік деңгей болып есептелетінін айтады. Дегенмен өзеннің солтүстік бөлігінде мұз ұстасқан. Ал көктемде сең қозғалса, бөгеттердің беріктігі керек. Сондықтан су жайылуы мүмкін 56 аумақ анықталып, оған 111 жауапты мекеме бекітілген. Тасқынға қарсы жұмылдырылатын 434 техника дайын тұр. 79 эвакуациялық, 99 қабылдау бекеті бар.  Асылбек Шәменов, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы: - Су ресурстары комитетімен келісе отырып, «Шардарадан», «Көксарайдан» төменге қарай босатылатын суды алу мақсатында кестесі бекітілді. Магистральдық каналдарымыз және көлдер жүйесі әзірленді. Арал ауданында Аманөткел елді мекені тұсындағы 758 метрді құрайтын қорғаныс бөгеттерінде, Қазалы ауданында Абай елді мекенінде 3 шақырымнан тұратын қорғаныс бөгетінде, Жалағаш ауданында және Қызылорда қаласының тұсындағы «Лесхоз» учаскесінде қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстары жүргізілуде.
www.24.kz
21 ақпан 2019 ж. 1 101 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031