Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде су тасқынының алдын алу шаралары басталды

Сыр өңірінде су тасқынының алдын алу шаралары басталды



Мамандардың айтуынша, барлық эвакуациялық пункттер дайын және инженерлік-техникалық іс-шаралар жоспарлары түзілді.
Инертті материалдардың қажетті қоры дайындалды, мұз кептелісінің болуы мүмкін орындар анықталды. Қазіргі таңда Сырдария өзені арнасының 56 учаскесі ерекше бақылауда. Қазіргі күнгі мəлімет бойынша, өзендегі мұздың қалыңдығы Арал және Қазалы аудандарында 15-20 см, Қармақшы ауданында-10-15 см, Қызылорда қаласы аумағында-10 см құрайды.«Жалпы, Қызылорда облысы бойынша Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырым. Сол өзеннің бойында 56 аймақтарға бөлінген 56 су басу қауіпті аумақтары бойынша барлық аудандар бойынша жауапты мекемелер бекітілген. Олардың арнайы техникалары жəне адам күштері бекітіліп, қазіргі таңда тəулік бойынша мониторинг жүргізілуде, барлығы қадағалауда. Қазіргі таңда ешқандай дарияның көтерілуі байқалмайды. Арал ауданынан бастап осы Қызылорда қаласына дейін толық мұз жалғасқан. Əрі қарай Шиелі, Жаңақорғанда əлі мұз байқалмайды. Барлық жұмыстар бақылауда, ешқандай қауіп қатер байқалмайды», - дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов.

24.kz
27 желтоқсан 2018 ж. 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (9197)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031