Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариядағы су деңгейі Қызылорда қаласы маңында қауіпті шегіне жетті

Сырдариядағы су деңгейі Қызылорда қаласы маңында қауіпті шегіне жетті


Сырдариядағы су деңгейі Қызылорда қаласы маңында қауіпті шегіне жетті, деп хабарлайды astanatv.kz.
 «Тасбөгет» гидробекетінде су 704 сантиметрге жеткен. Қазір өңірде облыс бойынша тасқынның алдын алу қызметтері күшейтілді. Мұз кептеліп қалса, өзендегі су арнасынан тасуы ықтимал деген қауіп те бар. Бүгінгі күні Сырдарияның жартысында мұз толық қатпаған, сең жүріп жатыр. Мамандар болса, «Жағдай жіті назарда, үрейленуге негіз жоқ»-деп отыр.  
«Майда-майда мұздар келіп, дария деңгейін көтеріп кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, шешім қабылданды. Төмен қарай түннен бастап, секундына 800 текше метр су жіберілді. Мұндағы мақсат су деңгейін мұз қатқанша көтермеу. Қазіргі таңда елді-мекендерде, шаруашылықтарда жағдай қалыпты», - дейді Арал-Сырдария бассейндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов.

12 қаңтар 2019 ж. 922 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031