Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол көлік оқиғаларын алдын-алу жұмыстары жүргізілуде

Жол көлік оқиғаларын алдын-алу жұмыстары жүргізілуде

 Шиелі ауданы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтардың, мас күйінде көлік басқарудың жолын кесу, сонымен қатар қоғамдық орындар мен көшелерде өзге де, құқық бұзушылықтардың алдын алу  мақсатында 2022 жылдың қараша айының 22-нен бастап бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес  жылжымалымобильдік  топтар  шығарылыпрейдтік  іс-шаралар  жүргізілуде.
          Іс-шараның негізгі көздейтін мақсаты барлық жүрген автокөліктердің құжаттарының толықтығы мен басқару заңдылығына аса мән беру, (автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік белгі тағып басқару, көлікті басқаруғақұқы  жоқ тұлғалардың басқаруы, көлік құралын басқару құқығынан айрылған адамдардың басқаруы) сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында қатты жылдамдықпен жүрген автокөліктерді тоқтатып оларға ауызша түсіндірме жұмыстарын жүргізу сондай-ақ, қоғамдық орындар мен көшелерде орын алуы ықтимал қылмыстар мен топтық бұзақылықтардың  алдын-алу  жәнежол кесу болып  табылады.
         Жүргізілген рейдтік іс-шараның 3-күнінде барлығы 153 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар  анықталды.Оның ішінде автокөлікті құжатсыз басқарудың 7-дерегі, мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтарудың 9-дерегі, автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік белгі тағудың 1-дерегіәшкереленді. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар  бойынша барлық автокөліктер айып алаңына жеткізілді.
         Сонымен қатар қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген 6 адам уақытша  бейімдеу детоксикациялау орнына орналастырылды. Рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
26 қараша 2022 ж. 313 0