Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бестамда берекелі іс бар

Бестамда берекелі іс бар

Картоп индексі – негізгі өнім қалай стратегиялық маңызға ие болды |  «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Тәтті картобымен танылған Бестам ауылдық округінде берекелі істер жүзеге асуда. Ауылды көркейту-көгалдандыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды ауыл әкімі Ф.Ержан баяндап берді.
֪-Бестам елді-мекенінде жекешелік әріптестік аясында соғылған спорт кешені орналасқан. Сауықтыру кешенінде күрес, таэквандо жаттығу үйірмелері бар. Спорт кешенінде 1 әдіскер, 2 жаттықтырушы, 4 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Спорт кешенінде 30 оқушы күреспен, 15 оқушы таэквандомен жаттығып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Ауылымыздың мақтанышы Қапанова Ботакөз Жарқынбекқызы Оңтүстік Корея мемлекетінде таэквондодан әйелдер арасында өткен Азия біріншілігінде 49 келі салмақта сайысқа түсіп, қола жүлдегер атанды. Ботагөз бұған дейін Қазақстан біріншілігін 2 рет ұтып, Қазақстан ұлттық құрама командасына қабылданған болатын, - дейді әкім.
Ауылшаруашылық саласында серпін бар
Бестам ауылында 2003 ірі қара,  350 жылқы, 50 түйе, 815 қой-ешкі, 1200 тауық есепте бар. Бестам ауылдық округі бойынша 3127 гектар  ауылшаруашылық жері бар. Оның 2340 гектар егістік, 136 гектар шабындық , 954 гектар жайылымдық жер. Округте 3 іріленген «Ақниет-2», «Алтын дән», «Бестам елі»шаруа қожалығы, 8 жанұялық шағын шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысады. Биылғы жылы 870 га күріш, 104 га картоп, 77 га көкөніс, 80 га бақша өнімдері егіліп, жиналғанын да тілге тиек етті.
Ауылды абаттандырамыз
«Бестам елді мекеніндегі 2012 жылы «Досман қажы» атындағы мешіт үйі  пайдалануға берілген. Ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен ауылдық мешіт үйінде бірнеше іс-шаралар өткізілді.Сонымен қатар ауыл тұрғыны Досманов Бахманның ұйымдастыруымен «Досман қажы» мешітіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бестам елді мекеніндегі су қоймасы 2012 жылы пайдалануға беріліп, елді-мекен ауыз сумен толық қамтылып отыр. Ал ауылды санитарлық – тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына–17азамат қабылданды. Ауылымыздағы Р-12-6 аяқ су келетін каналына біршама қазу жұмыстары жүргізілді. Бестам ауылдық округі бойынша және ауылдық округтегі мемлекеттік мекемелерде көркейту-көгалдандыру айы бойынша тазалық жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады» дейді ауыл әкімі Ф.Ержан.
Аталған ауылда «Ауыл Ел–бесігі» бағдарламасымен 109 млн 200 мың теңге қаржы бөлініп, Әбілаш Әбуов, Мұхтар Әуезов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Сайыпназар Төлебаев, Абай тұйығы, Тәуелсіздік көшелеріне жалпы ұзындығы 6,8 шақырым жерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген көшелер асфальттанып, қаржысы толық игерілген. Ауылдық округтің барлық көшелеріне жарық шамдары орнатылып, ауыл көркі артып келеді.
26 қараша 2022 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930