Спорттағы серпін
Салауатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Спорт Адам бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіліп отырады. Ал, ауданда ұлттық және бұқаралық спортты дамыту барысында жыл басынан бері, яғни, 4 айда 42 аудандық, 2 облыстық, 2 республикалық іс-шара өткізілді. Сондай-ақ, спортшылар облыстық жарыстардан 32 алтын, 22 күміс, 34 қола алса, республикалық жарыстар мен Қазақстан Республикасының чемпионатында 8 алтын, 6 күміс, 12 қола медальдарды иеленген. Ұлттық құрама мүшелігіне 3 спортшы енген.
Иә, бұл ауданның оң имиджін қалыптастыруға ықпалын тигізіп, аймақ, республика көлемінде танылуға бірден-бір себеп. Бұдан әрі жетістіктерге жету үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, спорт нысандарын салуға басымдық беріліп келеді. Осы сөздің дәлелі ретінде облыс әкімі Қ.Көшербаевтің жыл басындағы есебінен де айқын байқалады. «Ауылдық жерлерде спорттық нысандар салынып, бұқаралық спорт дамып келеді. Оның ішінде 2018 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 7 елді мекенде (Жанқожа батыр, Мәдениет, Ақжарма, Еңбекші, Түгіскен ауылдары және Сексеуіл, Төретам кенттерінде) спорт кешендері салынса, қалған 5 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып халық игілігіне пайдалануда», – деді облыс басшысы.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында елді мекендерде спорт кешені салынып, мұндай игі қадам ауыл тұрғындарын қуанта түсуде. Бұл өскелең жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда әсері мол екенін айрықша атап көрсетуге болады. Дені сау ұрпақ, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға барынша үлес қосатыны айдан анық. Сондықтан болар, бұқаралық спорт елімізді алға жетелеуге және ұлттық стратегиялық мүдделерге жетуге арналған үлкен бағыт. Елбасы Жолдауындағы 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында ауданда заманауи дене шынықтыру және сауықтыру алаңдары көптеп салынуда.
Гигант ауылдық округінде заманауи үлгідегі «Бастау» сауықтыру кешені жабық бассейіні былтыр қараша айында пайдалануға берілді. Жаңа спорт кешені суды жылытатын және тазартатын ең соңғы заманауи технологиялық құралдармен жабдықталған. «Бастау» сауықтыру кешенінде 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бағасы да тұрғындардың қалтасы көтеретін деңгейде. Сонымен қатар, жүзу бассейнінің ашылуы – бұл спорттың дамуына ғана емес, тұрғындардың денсаулығына қосылған сүбелі үлес болып табылады. Былтыр Төңкеріс ауылдық округінде жекеменшік әріптестік аясында жаңа спорт кешені қыркүйек айында пайдалануға берілді.
Былтырғы жылы ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылынан жобалық құны 70 млн. теңгені құрайтын спорт кешені пайдалануға берілсе, 42 млн. теңгелік спорт кешені Алғабас ауылында халық игілігіне табысталды. Сондай-ақ, Еңбекші, Жөлек, Бестам ауылдарынан да дәл осындай кең спорт кешендері іске қосылды. Керделі ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Ауылдың әлеуетін көтеру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан азаматтардың саны күннен күнге көбейіп, ел мақтанышына айналып келеді. Елдің қамын жейтін азаматтарымызға қарап бой түзеген келешек жастардың жүректерінде отансүйгіш сезімдері артып, ағаларының ізін басатыны сөзсіз.
Спорт – денсаулық кепілі және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің таптырмас құралы болып табылады. Сондықтан да болар, халық арасында «Шынықсаң – шымыр боласың» деп спорттың маңызын ұқтырғандай. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі бұл. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарының спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Оған ауданның спорт саласындағы осыған дейінгі жеткен жетістіктері айғақ.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.