Аяқ доптан алдамыз
Жаңақорған ауданы мен Манап Көкеновтың 90 жылдығына орай Қызылорда облысы журналистері арасында шағын футболдан аудан әкімінің кубогына арналған турнир өткен болатын.
Салауатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Адам бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіліп отырады. Дені сау ұрпақ, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға барынша үлес қосатыны айдан анық. Сондықтан болар, бұқаралық спорт елімізді алға жетелеуге және ұлттық стратегиялық мүдделерге жетуге арналған үлкен бағыт.
Өткен демалыс күні Жаңақорған ауданы, Аққорған ауылдық округінде алыс-жақын ағайынның басын қосып, шағын футболдан жарыс өткізді.
Тартысты өткен кездесу командалардың мықтылығын тағы бір көрсетті. Облыстың әр аймағынан келген журналистер аянып қалмады. Ақтық сынға өскен өңірлік аяқ допшылар мен жаңақорғандық тілшілер шықты. Бірінші таимда гол соғылмағанымен, ойын тағдыры екінші кезеңде шешілді. Осылайша қойы қоралас жатқан көрші ауданда өткен тартыста «Өскен өңір» спортшылары бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға «Жаңақорған тынысы» ие болса, үшінші орын «Сыр медиа» командасына бұйырды. Жеңімпаз командалар демеушілердің тағайындаған бағалы сыйлығымен және грамотамен марапатталды.
Ж.Ноғайбайқызы.