Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұқаралық спорт – ұрпақ саулығының кепілі

Бұқаралық спорт – ұрпақ саулығының кепілі

Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, аталған жоспар аудан әкімінің төрағалығымен өтетін аппарат мәжілісінде тұрақты қаралып келеді.
Сонымен қатар, жуырда осы мәселе төңірегінде аудан әкімі Ә.Оразбек­ұлының қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттары Ш.Тілеуберген, Қ.Қасымов, Р.Ысқақова және облыстық мәслихат аппаратының басшысы М.Қосмамбет, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы О.Акимов қатысты. Шарада аудан бойынша бұқаралық спорттың жағдайы мен оны жетілдіру жолдары туралы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Сапарбай атқарылған жұмыстарға тоқталып, хабарлама жасады.
Бұқаралық спорт – ұрпақ саулығы­ның кепілі, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы амалдардың бірі. Мемлекет салауатты өмір салтын ұстауға жол көрсетіп қана қоймау тиіс, соған барлық жағдайды жасау керек. Осы тұрғысынан елімізде дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезең 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жос­пары бекітілген болатын. Аталған бөлім басшысының баяндамасынан байқағанымыздай Шиелі ауданында бекітілген жос­пар бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың арасында, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының күзгі, көктемгі спартакиадасын, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің спартакиадасы, тұрғындар арасында Тұңғыш Президент – Елбасының дене дайындығы бойынша тестілері тұрақты өткізілсе, тұрғындар арасында веложарыстар мен жүгіру жарыс­тары ұйымдастырылып келеді. Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 27,1 пайызды құраса, 2016 жылы 26 пайыз, 2015 жылы 25,5 пайызды құраған екен. Бұл дегеніміз аудан тұрғындарының жылдан-жылға бұқаралық спортқа деген қызығу­шылығы артқанын көрсетеді.
Салауатты өмір салтын насихаттап, халықты спортқа тарту аса маңызды. Адам бойына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғыртатын бірден-бір амал екені даусыз. Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам спорттық шаралар өткізіліп отырады. Ал, ауданда ұлттық және бұқаралық спортты дамыту барысында жыл басынан бері 67 аудандық, 5 облыстық, 1 республикалық іс-шара өткізілген. Сондай-ақ, спортшылар облыстық жарыстардан 44 алтын, 58 күміс, 66 қола алса, республикалық жарыстар мен Қазақстан Республикасының чемпионатында 13 алтын, 8 күміс, 17 қола медальдарды иеленген. Бұдан әрі жетістіктерге жету үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, қаржылы кәсіпкерлерді спорт нысандарын салуға, спорт саласын қаржыландыруға тарту қажет.
Дені сау ұрпақ, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға барынша үлес қосатыны айдан анық. Сондықтан болар бұқаралық спорт елімізді алға жетелеуге және ұлттық стратегиялық мүдделерге жетуге арналған үлкен бағыт.

Жұлдызай
Ноғайбайқызы.
Суретті түсірген
Б.БӘЙІМБЕТ.
12 маусым 2018 ж. 1 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930