Жаңақорған ауданында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында үстіміздегі жылдың 20-23 мамыр аралығында бокстан 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен өткен байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара бақ сынасты.
Ел чемпионатының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасаы Руслан Рүстемов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев қатысты.
Қазақстан жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль, кубоктарымен марапатталды. Үш күн бойы өткен жарыс нәтижесінде Қызылордалық Бағдәулет Нұрмұханбет 32 келі салмақта және де Бақберген Тұрсынбай 34 келі салмақта 1 орынды женіп алды.