Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жекпе-жек сайысынан ҚР кубогы өтуде

Жекпе-жек сайысынан ҚР кубогы өтуде


"Евразия" СК жекпе-жек сайысынан ерлер мен әйелдер арасында ҚР кубогы өтуде. Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған дүбірлі додаға Астана, Алматы қалаларынан және еліміздің өңірлерінен 200-ге жуық спортшылар 17 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде.
Олардың қатарында 4 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 21 спорт шебері, 82 спорт шеберіне үміткер және 73 I разрядты спортшылар бар. Жарыс нәтижесінде мамыр айында Минск қ. (Белоруссия) өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын мықты спортшылар анықталады.
Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, айтулы спорт бәсекесі Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыс бағдарламасы бойынша ертең, жартылай финал және финалдық сындар болса, 4 наурызда командалық жарыстың ұрыстары өтеді.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің диплом, медаль, кубоктары табысталады.
03 наурыз 2018 ж. 1 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031