СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай Шиелі ауданы ұлы күнді ұлықтау жоғары дәрежеде тойланды. Мереке аясында аудан әкімі Әшім Оразбекұлының қатысуымен Бестам ауылдық округінде жаңа спорт кешені салтанатты түрде ел игілігіне тапсырылды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында «Қозыбаев» шаруа қожалығының төрағасы Қозыбаев Баймұханбет Дәрменұлының жеке қаражатына жобалық құны 65 млн. 900 мың теңгенің жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.
Елбасы Жолдауындағы 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен айналысатын қазақстандықтардың санын 30 пайызға дейін жеткізу жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында Шиелі ауданында заманауи спорт алаңдары, дене шынықтыру жəне сауықтыру алаңдары көптеп салынуда.
Былтырғы жылы ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Ақмая ауылынан жобалық құны 70 млн. теңгені құрайтын спорт кешені пайдалануға берілсе, биылғы жылы 42 млн. теңгенің спорт кешені Алғабас ауылында халық игілігіне табысталды. Сондай-ақ, Төңкеріс, Еңбекші, Жөлек ауылдарынан да дәл осындай кең спорт кешендері іске қосылды. Сонымен бірге, Керделі ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Сонымен бірге, Гигант ауылдық округінен жобалық құны 180 млн. 102 мың теңгенің жабық жүзу бассейіні пайдалануға берілген болатын.