Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиеліде африкалық лақа балығы өсіріледі

Шиеліде африкалық лақа балығы өсіріледі

БАЛЫҚ БАЙЛЫҚ КӨЗІНЕ АЙНАЛА МА? Бүгінде ел экономикасын алға сүйрейтін сала көп. Тек көзін таба білсек, мемлекеттің алға жылжуына айтарлықтай сеп болары анық. Сондай салалардың бірі – балық шаруашылығы. Мамандардың айтуынша, Қазақстан – балық қорына бай. Каспий теңізін қоспаған күннің өзінде елдегі су тоғандарының жалпы ауданы 5 млн гектарға жуықтайды екен.
Жалпы қазақ елінің қандай шаруаны болсын дөңгелетіп алып кететіні жасырын емес. Егін шаруашылығы дейсіз бе, мал шаруашылығы дейсіз бе, дала қосында жүріп, күн-түн демей тер төккен жандар жетерлік. Әсіресе, өткен ғасырда мұндай жұмыстардың едәуір жақсы болғанын байқаймыз. Тіпті балық шаруашылығы да өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейінгі кезеңде қарқынды дамыған. Мәселен, 1991 жылы елімізде балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 80 мың тоннадан асқан. Оның ішінде тоғандық балық аулау 10 мың тоннаға жуықтаған. Барлық облыста балық зауыттары мен балық комбинаттары, басқа да кәсіпорындар тиімді жұмыс істегеніні де кейбір деректерде айтылады. Оның үстіне Кеңес одағындағы республикалардың үшеуінде ғана Балық шаруашылығы министрлігі болса, соның бірі біздің елімізде еді. Өкінішке қарай, еліміз нарықтық жүйеге бет түзеген кезеңде балық шаруашылығы құлдырауға ұшырады. Мемлекет бұл саланы дамытуға бағытталған іс-шараларды тек 2000 жылдардың бас кезінен бастап қолға алды. Жоғарыда айтқанымыздай, балық тұтынудың жылдық нормасы бір адамға шаққанда 14 келі болса, 2000 жылдары бұл көрсеткіш 4 келіге дейін түсіп кеткен. Бұл қазақстандықтардың балық етіне деген сұранысының төмендегінің білдіре ме? Әрине, жоқ. Күллі әлем теңіз өнімдеріне оның ішінде балық етіне аса қызығушылық танытып отырғанда, «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп тәмсілдеген қазақтың балықтан бас тартуы ақылға қонымсыз. Демек көрсеткіштің көңіл көншітпейтіндігі балық шаруашылығының ішкі қажеттіліктің өзін өтеуге қауқарсыз екенін білдіреді.
Балықтың бір жағынан байлық екенін жеке кәсіпкерлерден-ақ аңғарып жүрміз. Қарапайым саудагерлердің өзі бір-екі келі балық сатып, қалтасын бір-ақ күнде қампайтып алады. Себебі кез келген жерде балыққа деген сұраныс жоғары. Содан болса керек, балық бағасы аспандап тұрса да, ойланбастан алатындар бар. Алайда ауланған олжаны өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығы, заңсыз балық аулаушылардың азаймай отырғаны тағы басқа себептер салдарынан экспорт түгілі өзіміздің нарық та балықпен толық қамтамасыз етілмей тұр.
Мамандардың айтуынша, су астындағы байлықты сақтап қалудың бірден бір жолы – шабақтарды құтқару. Жалпы Шиелі ауданында тауарлы балық өндіруге қолайлы иесі бар 30 көл, иесіз – 9, нақтырақ айтсақ 39 көл бар. Ауыл шаруашылық бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек бүгінгі таңда Керделі ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығы «Вейс», «Амур»  инкубатор аппаратымен  балық шабақтарын көбейту үстінде. Сонымен қатар балық өсіру кәсібімен айналысатын Бақытжан Анафияев үй ауласынан жасанды шағын көл жасап балық өсіруде. Жасанды шағын көлде қазіргі таңда 10-нан  аса  балық түрлері кездеседі. Атап айтсақ: Амур, Бекре, Сазан, Толстолоб, Карась, Карп, Судак және т.б. түрлері бар. Ауданда үй жағдайында Африкалық  лаха  балығын өсіріп жатқан ЖК «Жаннұр»  басшысы Мұрат Халиев те балық шаруашылығын дамыту үшін 2500 мың (шт) балық шабақтарын өсіруді қолға алған. Бұл әрине аудандағы балық шаруашылығының ілгеруіне септігін тигізері сөзсіз. Әрі су маржанын кәсіп көзіне айналдырам деушілерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да жоқ емес. Бастысы кәсіпкерлер мемлекеттің қолдауымен дөңгелетіп отырған ісін ақпараттандыру арқылы халыққа көрсете білсе құба-құп емес пе? Сонда қандай кәсіп бастарын білмей жүрген азаматтар да ауданның әлеуетін арттыру жолында тиімді бизнес жоспар құрар ма еді...
         Аудандағы ахуалды ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Әшірбековтен сұраған болатынбыз.
– 2020 жылдың 30 қазанында Қызылорда облысы әкімдігінің №127 қаулысымен «Балық шаруашылығын дамытудың2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы»  бекітілген болатын. Өңірлік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Шиелі ауданы бойынша 17  көлтауарлы балық шаруашлығына толығымен өтті. Сонымен қатар, іс-шара жоспарының 32 тармағын орындау мақсатындааудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, «Қырыққұмалақ», «Ошақты», «Қараой», «Қарақуыс», «Қарақұм», «Домалақ», «Сасықкөл», «Таушұқырой», «Ахметкөл», «Әсеткөл», «Тарша», «Тауық», «Сарыкөл», «Сарыкөл 2», «Жамайка», «Үлкен Барша» көлдеріне электр көздерін қай жерлерден алу мәселелері және электр желісінің бағаналарының ара қашықтары есептеліп, бюджеттік өтінім берілетін болады, – дейді ол.
Бүгінде ел экономикасын алға сүйрейтін сала көп. Тек көзін таба білсек, мемлекеттің алға жылжуына айтарлықтай сеп болары анық.
26 қараша 2022 ж. 718 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930