Бағалай білгенге балық та байлық
Еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің маңызды бір саласы – балық шаруашылығы. Балық етінің адамзат баласына пайдасы көл-көсір екенін медицина мамандары да үздіксіз айтуда. Бір адам норма бойынша жылына 14 келі балық етін тұтынуы қажет екен. Өйткені балықтың құрамында 20 түрлі амин қышқылы бар, оның сегізі адам өмірі үшін өте қажетті зат болып табылады. Балықтың бір жағынан байлық екенін жеке кәсіпкерлерден-ақ аңғарып жүрміз. Қарапайым саудагерлердің өзі бір-екі келі балық сатып, қалтасын бір-ақ күнде қампайтып алады. Себебі кез келген жерде балыққа деген сұраныс жоғары. Содан болса керек, балық бағасы аспандап тұрса да, ойланбастан алатындар бар. Алайда ауланған олжаны өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығы, заңсыз балық аулаушылардың азаймай отырғаны тағы басқа себептер салдарынан экспорт түгілі өзіміздің нарық та балықпен толық қамтамасыз етілмей тұр. Сондықтан болар жаз аяқталса да, аудандағы балық бағасы арзандамаған.
Жалпы қазақ елінің қандай шаруаны болсын дөңгелетіп алып кететіні жасырын емес. Егін шаруашылығы дейсіз бе, мал шаруашылығы дейсіз бе, дала қосында жүріп, күн-түн демей тер төккен жандар жетерлік. Әсіресе, өткен ғасырда мұндай жұмыстардың едәуір жақсы болғанын байқаймыз. Тіпті балық шаруашылығы да өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейінгі кезеңде қарқынды дамыған. Мәселен, 1991 жылы елімізде балық аулау мен балық өнімдері өндірісінің жалпы көлемі 80 мың тоннадан асқан. Оның ішінде тоғандық балық аулау 10 мың тоннаға жуықтаған. Барлық облыста балық зауыттары мен балық комбинаттары, басқа да кәсіпорындар тиімді жұмыс істегенін дереккөздерден байқаймыз. Оның үстіне Кеңес одағындағы республикалардың үшеуінде ғана Балық шаруашылығы министрлігі болса, соның бірі біздің елімізде еді. Өкінішке қарай, еліміз нарықтық жүйеге бет түзеген кезеңде балық шаруашылығы құлдырауға ұшырады. Мемлекет бұл саланы дамытуға бағытталған іс-шараларды тек 2000 жылдардың бас кезінен бастап қолға алды. Жоғарыда айтқанымыздай, балық тұтынудың жылдық нормасы бір адамға шаққанда 14 келі болса, 2000 жылдары бұл көрсеткіш 4 келіге дейін түсіп кеткен. Бұл қазақстандықтардың балық етіне деген сұранысының төмендегінің білдіре ме? Әрине, жоқ. Күллі әлем теңіз өнімдеріне оның ішінде балық етіне аса қызығушылық танытып отырғанда, «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп тәмсілдеген қазақтың балықтан бас тартуы ақылға қонымсыз. Демек көрсеткіштің көңіл көншітпейтіндігі балық шаруашылығының ішкі қажеттіліктің өзін өтеуге қауқарсыз екенін білдіреді.

Мамандардың айтуынша, су астындағы байлықты сақтап қалудың бірден бір жолы – шабақтарды құтқару. Жалпы Шиелі ауданында тауарлы балық өндіруге қолайлы иесі бар 30 көл, иесіз – 9, нақтырақ айтсақ 39 көл бар. Соның ішінде алдыңғы жылы, яғни 2019 жылы Ортақшыл ауылдық округіндегі Домалақ көліне балық шабақтарын жіберу жұмысы жүргізілген. Қазіргі уақытта күріштік алқаптарда судың мол болуына байланысты балық шабақтарын құтқару әрине, мүмкін емес.
Алайда өткен жылы аудан бойынша 1 725 400 дана балық шабақтары құтқарылып, Сырдария өзені және ауданымыздағы балық шаруашылығы маңызы бар су айдындарына жіберілген. Оның ішінде шабақтың сазан, ақамур, көксерке, қаракөз, дөңмаңдай, торта, табан балық сынды түрлері бар. Сондай-ақ осыдан екі жыл бұрын «Шиеліде балық зауыты іске қосылады» деп бөркімізді аспанға лақтыра қуанып едік. Алайда ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбековтің айтуынша, зауыт жұмысы карантин режиміне байланысты тоқтап тұр екен. Иә, ауданда балық шаруашылығын қолдау тетіктері қалыптасып жатқанымен, бұл салада әлі де ілгерілеу байқалмайды. Осыдан екі жыл бұрын Парламент Сенатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев «Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тауарлы балық өсіру көлемін 2021 жылға қарай 1,6 мың тоннадан 5 мың тоннаға дейін көбейту жоспарланып отыр» деген еді. Егер өзімізді әлемдік алпауыт елдермен салыстырсақ, олардағы балық шаруашылығы миллиондаған тоннамен есептеледі. Әрине, біз оған жетуді жоспарламасақ та, 2021 жылға бекітілген жоспарды жүйелі орындасақ, соның өзі әжептәуір абырой емес пе?
Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА