Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық игілігі үшін барлық жағдай жасалады

Халық игілігі үшін барлық жағдай жасалады


 Бүгін мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ант беру рәсіміне қатысып отырмын. Ел Презиленті енді 7 жыл ішінде өз сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бағыттар бойынша жұмыс істейтінін жеткізді. Яғни,халық игілігі үшін барлық жағдай жасалатынын, қазір сайлаудағы жеңісті тойлап жүретін кез еместігін баса айтты.
Президентті ұлықтау рәсімінде«Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз. Осы қағидаттар менің сайлау алдындағы тұғырнамамда нақты көрініс тапты. Мен оның әр сөзіне, әр сөйлеміне терең мән бердім. Сайлауалды бағдарламам – бұл ұзақ ой-толғау мен ізденістің нәтижесі. Тіпті, жүрегімнен шықты десем, артық айтқандық емес. Халықтың бастамаларға қолдау білдіріп, үлкен үміт күтіп отырғанын білемін», деді Мемлекет басшысы.
Президенттің әсіресе ауылдарға ерекше екпін бергені біздің көңілімізді бір сепілтті. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылының тумасы мен үшін ауылдардың әлеуеті артқаны өте маңызды. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында ауылдарды көркейту, дамыту үшін 5 жылға арналған нақты жоспарлар әзірлеуді де ұсынды. Бұл әринекөгілдір экранның арғы жағында отырған ауыл халқына серпін берді деп ойлаймын! Ауылымыз гүлденсін! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!
Дәулет Жұмбеков
"Ақмая" шаруа қожалығының төрағасы, мәжіліс депутаты
26 қараша 2022 ж. 238 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930