Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла кіріскеніміз жөн

Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла кіріскеніміз жөн

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне қатысты бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дәл тапқан маңызды мәлімдеме болды.
«Біз бәріміз бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құрамыз. Әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет боламыз. Бәріне бірдей мүмкіндік береміз. Әркім қарым-қабілетіне сай қоғамнан өз орнын иеленеді. Халықтың ой-санасы жаңғырып, өмір салты өзгереді. Біз мемлекеттік жүйені жетілдіріп, қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатамыз. Осылайша, Екінші Респуб­ликаны қалыптастырамыз. Конституциялық реформа мұның бәрін табысты жүзеге асыру үшін қажет» деген Президент Ата заң баптарының үштен бірі өзгеретінін жеткізді. Бұл дегеніміз ел тарихындағы аса маңызды қадам болмақ. Конституцияға қажетті толықтырулар халықтың талап-тілегі арқылы жүзеге асатынын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның 5-і күні республикалық референдум өткізуді көздеп отыр.
Мемлекет басшысы айтқан реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, ықпалды Парламент құру арқылы, қара халықтың үнін тыңдайтын Үкімет қалыптастыру. Не де болса, алда болатын өзгерістер тарихымыздағы ең маңызды және жауапты кезең болары анық. Сөз жүзінде айтылып қана қоймай, керісінше халық игілігін көретін, ширек ғасырдан астам уақытта қол жеткізген құндылықтарымызды қастерлеу мақсатында жаңа белеске қадам басамыз. Жаңа Қазақстанның болашағы үшін әрқайсысымыз референдумға қатысып, өз таңдауымызды білдіруіміз керек. Себебі бұл – біздің азаматтық борышымыз!

Құттықыз Ыханова,
Шиелі ауданы әйелдер кеңесі төрағасының ­орынбасары
11 мамыр 2022 ж. 433 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031