Келініне еттің күлшесін жаюға көмектесіп жүрген әженің қимылы ширақ, әлі іске жарап тұр. Мереке қарсаңында әжені көруге асықтық. Сәті түсіп тоқсанның төріне шыққан әжемен кездестім. Сөзге шешен, әзілге жақын анамыз «90-ды алып ұрдым» деп жымиды. Ғасырға жуық ғұмыр кешіп келе жатқан Қалима Байзақованың сөзі...