Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Левит халықаралық турнирде француз боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

Левит халықаралық турнирде француз боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты


Испанияның Кастельон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде отандасымыз Василий Левит француз боксшысы Сейди Купені жеңіп, жартылай финалға шықты деп хабарлайды Sports.kz.
Турнирде 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Василий Левит өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда ол француз боксшысы Сейди Купемен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Левит жартылай финалға шығып, осы турнирде медаль алатындығы айқын болды. Айта кетейік, Василий Левит – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019), Азияның үш дүркін чемпионы (2009, 2015, 2017). Сонымен қатар былғары қолғап шебері Қазақстан чемпионатында үш рет (2009, 2015, 2017) жеңіске жеткен. Айта кетейік, 63 келіде жұдырықтасқан Зәкір Сафиуллин үндістандық қарсыласына ширек финалда есе жіберді.  Ал 52 келідегі Махмұд Сабырхан испаниялық Молина Сальвадор Мартинді жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.  57 келідегі Серік Теміржанов та жарысты одан әрі жалғастырады. Ол АҚШ боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті.  69 келідегі Абылайхан Жүсіпов испаниялық Серхио Мартинесті жеңді. Абылайхан да финал жолдамасына таласады.

nur.kz
05 наурыз 2021 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (9193)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (9192)

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930