Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көктем-2021» оқу-жаттығуы өткізілуде

«Көктем-2021» оқу-жаттығуы өткізілуде


Су – тіршілік көзі әрі тілсіз жау. Әсіресе, жайма шуақ көктем келгенде қар еріп, жаңбыр жиілейді. Міне осындай табиғи апаттардың алдын-алу үшін Қызылорда облысында «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы жүргізілді. Іс-шараның өткізілу тәртібін облыс әкімі бекітті. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдерінің аппараттарын, азаматтық қорғау қызметтерін, облыстық кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың тізбесін бұйрыққа сәйкестендіріп жасады.
Іс-шарасының бірінші кезеңінде 2021 жылғы 4 наурызда сағат 08:00-де «Дабыл-1001» шартты белгісі қабылданып, Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметінің күштерін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін жоғары дайындыққа келтірді.Жергілікті ауқымдағы Төтенше жағдай аймағы бойынша төтенше жағдай және оның салдарын жою бойынша тәуліктік штаб жұмысы ұйымдастырылды.
№1 тәжірибелік оқу жаттығу Қызылорда облысы Сырдария өзенінде сең жүру кезінде мұз кептеліс әсерінен дария деңгейі көтеріліп жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төнді. Сағат 9:15-те Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекеніне Қызылорда қаласының авариялық құтқару құрылымдары ілесіп алып жүру маршын жасады. Төтенше жағдай барысында сағат 10:35 минутта құрамында 191 жеке құрам, 51 бірлік техника оқиға орнына жетті.Су алған елді мекеннің жанына жедел штаб құрылып, 12 дана далалық палатка орнатылды. Оқиға орны қоршалып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тобы күзетті.
Оқу-жаттығу барысында құтқару қызметі зардап шегушілерді қауіпсіз орындарға шығарып, медициналық қызметке табыстады. Медициналық қамтамасыз ету тобы далалық лагерьде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, сонан соң ауруханаға тасымалдау жұмыстарын жүргізді. Басқару пункті дайындыққа келтіріліп, облыстың халықты құлақтандыру және байланыс жүйесі тексерілді, облыстың азаматтық қорғау қызметтері мен Қызылорда қаласы және аудандардың әкімшілік аппараттары арасында өзара байланыс жүйесі ұйымдастырылды.
ЖалпыТартоғай ауылдық округінде – 464 үй, 2301 адам бар. Ал, мал санына келер болсақ, ірі қара – 2887, уақ мал – 6442, жылқы – 926, түйе – 24 бас­ты құрайды.
Қазіргі таңда Сырдария өзеніне Шардара су қоймасынан 200 м3 куб/с су түсуде. Оның 100 м3 куб/с Көксарай су қоймасына алынуда. Қызылорда гидробекетінен 180 шақырым жоғарыға қарай Шиелі ауданы Тоқсейіт учаскесінен бастап мұз толығымен ұстасқан.
Республика көлемінде бастау алған оқу-жаттығу Қызылорда облысында да өз деңгейінде басталып штаттық режимде өткізілуде.

Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
05 наурыз 2021 ж. 642 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930