Қазағымның келіндері-ай
Аналар мерекесіне орай Ы.Жақаев ауылының мәдениет үйінде «Қазағымның келіндері-ай» атты байқау өтті.
Ауыл әйелдер кеңесінің төрайымы Пернеш Жүсіпованың мұрындық болуымен, ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен байқауда диқан баба ауылының келіндері бақ сынасты.
Байқауға алты көшеден алты келін қатысты. Олар І кезеңде өздерін әртүрлі жанрда таныстырса, ІІ кезеңде тарих және салт-дәстүрлер аясындағы сұрақтарға жауап беріп, білімдері сыналды. Ал, ІІІ кезеңде өнерлерін көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Байқаудың ІV кезеңінде қатысушылардың сахна төрінде оқтауымен қамыр жайып, қамыр илеудегі шеберліктері сыналды.
Сайыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Оразымбетов көшесінің келіні Ақмарал Ысқақова жеңіп алса, І орынды З.Ержанова көшесінің келіні Күнсұлу Мархабатқызы иеленді. Ал, ІІ орынға Ә.Қоңыратбаев көшесінен Мая Сыдық пен Абай көшесінен Сәбира Жолдыбаева тұрақтаса, ІІІ орынды Ы.Жақаев көшесінен Гүлбану Бекпенбетова мен Р.Нүрекеев көшесінің келіні Айгерім Ізбасқанова қанағат тұтты.
Е.ДАТҚА.