Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алғабас аруы анықталды

Алғабас аруы анықталды



Өткен аптада Алғабас ауылдық мәдениет үйінде, Жуантөбе ауылдық округі әкімінің қолдауымен және мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер мерекесіне және Алғабас ауылының құрылғанына 90 жыл толуына орай ауыл жастары арасында «Алғабас аруы-2018» байқауы болып өтті.
Байқауға іріктеуден сүрінбей өткен Зарина Кенжебай, Іңкәр Ғазизқызы, Ақтоты Нұрділдаева, Нәзира Қойшыбаева қаты­сып, өз бақтарын сынады. Байқаудың шартына сәйкес, аруларға ауыл тарихынан сұрақтар қойылып, олардың табан асты тапқырлықтары тексерілді. Сонымен қатар, салт-дәстүр мен өнеріміз жайлы ойларын ортаға салып, ұлттық киімімізді киіп сән көрсетті. Ажарына ақылы сай аруларымыздың арасында өткен сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, керемет тартысты болды. Негізгі құрамы ұстаздардан бекітілген қазылар алқасы «Алғабас аруы-2018» деген атқа лайық деп Зарина Кенжебайды бір ауыздан құптап, Іңкәр Ғазизқызын «Көрермен көзайымы», Ақтоты Нұрділдаеваны «Өнерлі ару», Нәзира Қойшыбаеваны «Зерделі ару» номинациясы бойынша марапаттап, ауыл әкімінің дипломы табыс етілді. Кеш барысында осы шараны ұйымдастырушы «Алғабас» ауылдық мәдениет үйінің аккомпаниаторы Ұ.Сандыбаева Алғабастың 90 жылдығына орай алдағы уақытта «Жігіт сұлтаны», «Көше сайысы» сынды түрлі мәдени шаралардың жиі ұйымдастырылып отыратынымен көрермендерді хабардар етті. Бұл жерде, «Алғабас» ауылдық мәдениет үйі мен №157 Б.Пәрімбетов атындағы мектеп ұжымы арасында тығыз шығармашылық байланыстың бар екені көрініп тұрды. Әсерлі кештен көтеріңкі көңіл-күйде тарасқан Алғабастық ағайынға 90 жылдық тойларыңыз құтты болсын деп тағы бір кешті қорытындылап қайттық.

«Өскен өңір» ақпарат.
13 наурыз 2018 ж. 2 792 0