Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айтулы күн арманда аталып өтті

Айтулы күн арманда аталып өтті


Мерекелерді, түрлі шараларды өз деңгейінде ұйымдастырып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан өнер ордасының бірегейі «Көкшоқы» мөлтек ауданындағы «Арман» мәдениет үйі десек қателеспесіміз анық. Еліміздің Тұңғыш Перзиденті құрметіне арналған шара да өз жалауын көтеріп, сән-салтанатымен аталып өтті.
Сөзімізді нақтылар болсақ, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» тақырыбымен өткен жиын көпке көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Алдымен Мемелекеттік Әнұран шырқалып, осынау сәттің маңызын ұқтырғандай. Салтанатты кештің құттықтау сөзін алған аудан әкімі тұрғындарды айтулы күнмен құттықтап, ізгі лебізін арнады. Мейрамның сыры мен сипаты, халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігін тілге тиек етіп, Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегі ұшан-теңіз екендігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан тарихында алатын ерекше орны мен оның сарабдал саясаты арқылы мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін баса айтты. Мұнан әрі мерекелік шара ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттаумен жалғасты. Атаулы кештің мазмұнын айшықтаған жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, көрермендер шаттыққа бөленді. Осылайша, айтулы күнді атап өтуден армандықтар да шет қалмады.

Дина ӘБІЛАСАН.
12 желтоқсан 2018 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930