Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы күніндегі ерекше балалар

Елбасы күніндегі ерекше балалар

Өткен аптада аудан көлемінде тұңғыш Президент­ күнін тойлау жоспарға сәйкес аталып өтті. Елбасының өмірі мен елге сіңірген еңбегінен сыр шертетін салтанатты шаралар легі жалауын көтерді. Соның бірі – аудандық өлкетану музейінде өткен «Елін сүйген Елбасы» тақырыбындағы кездесу болатын. Айтулы шараға мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып, тың тақырыптармен танысты.
Атап айтқанда, шара бастауы алдымен өлке тарихына шолумен қатар, музей қорындағы құнды жәдігерлерді қонақтар назарына ұсынумен басталды. Бізге дейінгі бабалардың тұрмыста, шаруашылықта пайдаланған күнделікті қолданыста жоқ дүниелерді тамашалап, тереңіне бойлау жасөспірімдерді қызықтырғаны анық. Ұғынықты етіп, әр экспонатты мысалмен келтіре жеткізген музейдің ғылыми қызметкері Б.Әбуов шараны ұйымдастырудағы мақсатқа да тоқталды.
Әрі қарай негізгі тақырыпқа көшкен Б.Әбуов салтанатты мерекенің тізгінін өз қолына алды. Әлеуметтік сала мамандары мұрындық болған мерекелік жиынның шымылдығы әдеттегідей ел Әнұранымен түрілді. Ал, өз кезегінде алғы сөз алған Шиелі психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес беру мекемесінің меңгерушісі Г.Тымбаулиева басқосудың мәніне тереңірек тоқталып, келелі әңгіменің тиегін ағытты. Мұнан соң «Альмира» балабақшасының бүлдіршіндері мәнерлеп өлең оқып, жиылған жұрттың көзайымына айналды. Шара соңында ата-аналар алғыстарын жаудырып, игі тілектерін жеткізсе, Б.Әбуовтың отбасы атынан балаларға тәттілер үлестіріліп, көңілдер жадырады. Жалпы, аталған топтағы балалар үшін мұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы олардың ортаға бейімділігін арттыруда зор маңызға ие. Мәз-мейрам болған балалар мен олардың жақындарының шаттықа толы жүздері осы ойды қостағандай.

Дина ӘБІЛАСАН.
08 желтоқсан 2018 ж. 505 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031