Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Флэшмоб ұйымдастырылды

Флэшмоб ұйымдастырылды


Желтоқсан айының бірінші күнін қазақстандықтар Тұңғыш Президент мерекесі ретінде биыл үшінші мәрте салтанатпен тойлап келеді. Жалпыхалықтық мерекеге айналып үлгірген атаулы күн аудан халқы соңғы бір аптадан бері кең көлемде өзіндік сән-салтанатымен атап өтуде. Осындай тағылымды шараның бірі М.Шоқай орталық алаңда өтті.
Елбасының сарабдал саясатының негізінде еліміздегі өмір сүру сапасы жыл сайын жақсарып, экономика мен әлеуметтік сала тұрақты дамып, жаңа өндірістер мен кәсіпорындар ашылуда. Ауруханалар мен мәдени ошақтар ашылып, мектептер мен балабақшалар салынуда. Бүгінгідей біздің беделді әрі қуатты мемлекетке айналуымызда Елбасының еңбегі ұшан-теңіз. Сондықтан, Тұңғыш Президент күнінің сыр мен сипаты, халқымыз үшін толағай мазмұнға ие. Айтулы шараға аудан жастары да белсенділік танытып, аудандық ішкі сая­­сат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бұл мейрамға арналған «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты салтанатты флешмоб өтті.
Егемендік алғаннан бері Елбасы мемлекетіміздің ұстанымын нығайтуға бағытталған саясатты жүргізіп келеді. Оның жаһандық бастамаларының арқасында, Қазақстан халықаралық қауымдастықта алдыңғы қатарға бейбітшілік пен келісімді қоятын тұрақты экономикасы бар дамыған ел ретінде таныс. Бұл күн Алаш баласының басына бақ орнаған күн болып тарихта қалары сөзсіз.

Ж.Нұрғалиева.
08 желтоқсан 2018 ж. 1 018 0