Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙТУЛЫ КҮНІ 6 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

АЙТУЛЫ КҮНІ 6 БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

23 тамыз Құрылтай депутаттарын сайлау күні Шиелі ауданында 6 сәби дүниеге келді. Маңызды күні жаңа туған нәрестелердің төртеуі ұл, екеуі қыз бала. Бұл күн осылайша шиелілік отбасы үшін мемлекет тарихымен қатар өз әулеттерінің де ­айтулы күніне ­айналды.
Ақжолтай жаңалықты естіген аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, қоғамдық даму бөлімінің басшысы Кенжехан Есенбаев аудандық көпбейінді аурухана перзентханасына барып, құттықтады. Сондай-ақ әрбір анаға жаңа туған сәби күтіміне арналған қобдиша сыйлады.
– Біз үшін ең бастысы – нәресте мен ана денсаулығының мықты болуы. Құрылтай сайлауы күні дүниеге келген барлық сәбидің аман-сау болуымен қатар айтулы ел азаматы болып өсуіне тілектеспін. Қазақтың саны көп болсын! – деген ізгі тілегін жеткізді аудан әкімінің орынбасары.
Жас аналар оларға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Қазіргі таңда сәбилер мен аналардың денсаулықтары жақсы.
Айта кетейік, айтулы күні Қазақстанның медициналық ұйымдарында 657 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 318 ұл және 339 қыз бала бар. Жаңа туған нәрестелердің ең көп саны Алматы қаласында – 60 бала, Түркістан облысында – 54, Шымкент қаласында – 51 бала тіркелді. Ел бойынша бір егіздер жұбы дүниеге келген. Дүниеге келген сәбилерге жарқын болашақ пен зор денсаулық тілейміз!

«Өскен өңір» ақпарат
25 тамыз 2026 ж. 33 0

Қоғам

АЛМА НЕГЕ ПАЙДАЛЫ?
25 тамыз 2026 ж. 38

ҚЫС ҚАМЫ – ЖАЗДАН

25 тамыз 2026 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31