Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күні 5 сәби дүниеге келді

Мереке күні 5 сәби дүниеге келді

25 қазан – Республика күні қарсаңында аудандық аурухананың перзентхана бөліміне аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы ­Кенжехан Есенбаев барып, мереке күні дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Аналарды құттықтауға жастар ресурстық орталығының маманы Ынтымақ Қаппаров, аудандық аурухананың міндетін атқарушы бас дәрігері Алмас Әбілпатта мен сала қызметкерлері қатысты.
– Біз үшін ең бастысы сәбилер мен аналардың саулығы. Мереке күні дүние есігін ашып, шаңыраққа шаттық сыйлаған сәбилеріміздің аман-сау, еліміздің айтулы азаматы мен азаматшасы болып өсуіне тілектеспін, – деді аудандық Қоғамдық даму бөлімінің басшысы К.Есенбаев.
Құттықтау соңында аналарға гүл шоқтары табысталып, сый-сияпат жасап, құрмет көрсетілді.

«Өскен өңір» ақпарат
30 қазан 2023 ж. 707 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930