Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды




Шиелі ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 мамырдағы өкімімен "Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі" КММ-нің басшысы лауазымына Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы тағайындалды.

Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы 1988 жылы 30 сәуірде Шиелі ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2006 – 2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Мұнай Бейс» ЖШС-нің менеджері болып бастаған.

2007 – 2008 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Көктениз» ЖШС-нің менеджері;

2009-2011 жылдары «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тіркеуші;

2011-2012 жылдары «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас инспекторы;

2012-2013 жылдары Шиелі аудандық мәдениет үйлері мен клубтары МҚК аға әдіскері;

2013 жылдың 17 қаңтары - 20 мамыры аралығында «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі;

2013-2014 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас маманы;

2014-2017 жылдары «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

2017 жылдың 27 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді. Отбасылы.
15 мамыр 2023 ж. 1 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30