ШИЕЛІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 12 сәуір №33-ЖҚ бұйрығымен «Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Жібек Орынбайқызы Баймұратова тағайындалды.
Жібек Орынбайқызы 1971 жылы 18 қаңтарда Шиелі ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993-2008 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер, әдістемелік кабинет меңгерушісі болып бастаған. 2008 - 2013 жылдары аудан орталығындағы №45 "Ақорда" мектеп-гимназиясының, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің директоры, 2013 - 2018 жылдары аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.
2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.