Орман шаруашылығының өз орны бар
Елімізде қазан айының екінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлері күні болып бекітілген.Осы мереке қарсаңында аудан әкімі Нариман Мақұлбеков орман шаруашылығы қызметкерлерін қабылдап, үздік сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Апетов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» П.Архабаев пен орман шаруашылығының қызметкерлері қатысты.
Мерейлі мерекенің алғы сөзін алған аудан әкімі Н.Әскербекұлы жылы лебізін білдіріп «Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан біздің өңір үшін орман шаруашылығының өз орны бар. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданның әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді даналарымыз. Олай болса, Сыр елінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыруға әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін, – деді. Одан әрі аудан басшысы Н.Мақұлбеков сала мамандарын арнайы мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хатымен және ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапаттады.

«Өскен өңір» ақпарат