Қоршаған ортаны бірге қорғауымыз керек
Қоршаған ортаның ақ босағасы, алтын діңгегі, табиғи байлықтардың күрделі көзі - орман. Оның алуан түрлі өнімдері мен пайдалы қасиеттерінсіз адам баласының қазірге дейінгі өсіп-өну жолын көз алдыңа елестете алмайсың.Жалпы орман шаруашылығы – ел экономикасының бірі. Сондай-ақ, жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде кәсіби мереке – орманшылар күні атап өтіледі. Айтулы мереке қарсаңында, Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Жандос Жақсылықұлымен сұқбат құрған болатынбыз.
– Орман шаруашылығы саласында қай уақыттан бері қызмет атқарып келесіз?
–Менің осы салада жүргеніме 22 жыл болды. Жалпы, бала күнімнен жан-жануарларға ерекше мейіріммен қарап, оларды күтіп-баптағанды жақсы көріп өстім. Одан бөлек, мені орманды жасыл алқаптар қызықтыра бастады. Содан, осы салаға қатты қызықтым. Арманыма кішкене қадамдар жасап, осы саланың жаныма жақын екенін түсіне бастаған соң, 1994 жылы Алматы қаласындағы «Аграрлық» университетке түсіп, оны 1999 жылы тәмәмдадым. Оқу орнын бітіре сала, өзім туып-өскен ауылға еңбек етуге келдім. Ал, директорлық қызметке алты жыл бұрын тағайындалдым. Өз жұмысымды жақсы көріп істегендіктен, бұл сала маған ерекше ләззәт сыйлады.

– Қазіргі таңда ауданда бұл сала бойынша қанша қызметкер жұмыс жасайды?
–Дәл қазіргі уақытта штаттық кестеге сәйкес 77 қызметкер өз жұмысын атқарып жатыр. Соның 31-і орманшы инспекторлары.

– Елімізде жан-жануарларға броконерлер жиі қиянат жасайды. Мәселен, балықты заңсыз тоқпен ұстау, жануарларды рұқсатсыз өлтіру фактлерін жиі естіп жүрміз. Бұл жайлы не айта аласыз?
– Сұрағыңыз өте орынды. Қазіргі таңда екінің бірі аңшы, екінің бірі балықшы болып кетті. Мұның барлығына мен теріс көзқарастамын. Ағымдағы жылы ауданда жан-жануарларды заңсыз ұстау фактысы бойынша, аң аулаған екі адам тиісті әкімшілік жазаға тартылды. Жазықтыларға тиісті айыппұл салынды. Десе де, соңғы жылдары заңсыз балық аулау дерегі тіргелген емес. Бұл туралы халыққа үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырамыз.

– Экология саласында жүрген табиғат жанашырысыз. Осы сала бойынша не түйдіңіз?
– Иә, экология саласы барлығымызға тікелей қатысты ғой. Жалпы, біздің өңір сексеуілді алқап. Бұл біздің үлкен қазынамыздың бірі. Бір сексеуіл 4 тонна құмды ұстап тұрады. Ал, егер осы сексеуіл оталатын болса, құм көшкіні басталады. Құм көшкіні басталса, өңіріміздің біршама жерлеріне үлкен зиян келеді. Сондықтан сексеуілді заңсыз отауға болмайтынын ескертемін.

– Қазіргі таңда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
– 2017 жылдан бастап біз алма ағашын отырғызуды қолға алдық. Бүгінгі таңда алма бағымызды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы жұмыстар бойынша арнайы қаражат бөлініп жатыр. Бізге ендігі керегі, отырғызылатын ағаштарға арнайы техникалар алдыру. Облыстық бюджеттен қаражат бөлінсе, келер жылы бұл мәселенің барлығы шешіледі деген үміттеміз.

– Жыл сайын елімізде қазан айының үшінші жексенбісі күні «Орман шаруашылығы қызметкерлер күні» аталып өтіледі. Осы орайда біз сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтағымыз келеді. Айтулы мереке қарсаңында аудан тұрғындарына не айтарыңыз бар?
– Ең әуелі құттықтап жатқандарыңызға ұжымымыздың атынан зор алғысымызды білдіреміз. Бұл мереке бізде де жыл сайын өз деңгейінде аталып өтіледі. Ал, мереке қарсаңында барша жұртшылықты қоршаған ортаны, жан-жануарларды қорғауға шақырғым келеді.

– Сұқбатыңызға рақмет!
Сұқбаттасқан
Сымбат СҰЛТАН
Сымбат СҰЛТАН