Отбасы күні ортамыз толды
Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде «Отбасы күні» деп жарияланған. Осы мереке қарсаңында аудан тұрғындарының қатарына алты адам қосылды.
«Отан отбасынан басталады» демекші, қазақ халқы қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды ерекше қадірлеп, құрмет көрсетіп тұрады. Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «12 қыркүйек отбасы күніне» орай аудандық перзетханада дәл осы күні босанған Ақниет Рысманбетова, Арайлым Абуова, Мөлдір Батырбек, Жеңіскүл Айтенова, Гүлбану Ералдинова, Ардақ Буханова сияқты жас аналарға гүл шоқтары ұсынылып, жаңа туған сәбилерге арнайы киімдер табыс етілді.

Отбасы адам баласының өсіп өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол шағын мемлекет емес пе? Сондықтан да жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар.
– «Дүниеге бір қозы келсе, бір түп жусан артық шығады» деуші еді. Қазақ халқы қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Отбасы күні мерекесінде аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымы біздерге қуаныш сыйлады. Барша жанашыр жастарға алғысымды білдіремін, – дейді Ақниет Рысманбетова.
Яғни, отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтың ошағы. Яғни, кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Сондықтан да, бұл мерекеде бір-бірімізге жылы сөздерімізді арнап, құрмет көрсеткеніміз орынды.
Ш.ШАҒДАТҰЛЫ