ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫ КҮНІ ШИЕЛІДЕ 4 ҰЛ БАЛА ЖӘНЕ 2 ҚЫЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
Ел өміріндегі маңызды күннің бірі – Құрылтай сайлауы өткен күні Шиелі ауданында алты сәби дүние есігін ашты. Атап айтқанда, аудан перзентханасында 4 ұл бала және 2 қыз бала өмірге келіп, алты отбасы қуанышқа кенелді. Бұл күнді ата-аналар үшін қос қуанышқа толы ерекше күн деуге болады. Сайлау – ел болашағын айқындайтын маңызды қоғамдық оқиға болса, дүниеге келген әрбір сәби – отбасының ғана емес, елдің де ертеңіне деген үміт.Шиеліліктер үшін айтулы күнде өмірге келген алты бүлдіршінге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілейміз! Сәбилердің ғұмыры ұзақ, қадамы құтты болсын!







