Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС ЖҰБАЙЛАР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

ЖАС ЖҰБАЙЛАР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Бүгін – ел тарихындағы маңызды саяси науқанның бірі – Құрылтай сайлауы өтетін айтулы күн. Осы маңызды сәтте Жөлек ауылының шаңырақ көтерген жас жұбайлары сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық парыздарын абыроймен орындады. Ел ертеңіне бейжай қарамай, өз таңдауларын жасап, қоғамдық өмірге белсене араласудың жарқын үлгісін көрсетті.
Жас отбасының бұл қадамы – ел болашағына деген жауапкершіліктің, азаматтық ұстаным мен ортақ іске деген жанашырлықтың көрінісі.
Жас жұбайларға өмір жолында баянды бақыт, берекелі шаңырақ, отбасыларына татулық пен шаттық тілейміз! Ақ отауларының іргесі берік, керегесі кең болсын!
23 тамыз 2026 ж. 37 0