Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бес сәби дүниеге келді

Бес сәби дүниеге келді


Жаңа жылды қарсы алар күні, яғни, 31 желтоқсанда ауданда 4 бала дүние есігін ашқан. Оның біреуі ұл, үшеуі қыз бала.
Мереке күндері сәби әкелген аналарды перзентхана басшысы бақылауға алып, ескерусіз қалдырған жоқ. Мәселен, аудан көлемінде 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күні бес бала өмірге келіп, дүние есігін ашқан. Әр отбасы жаңа жылда қуанышқа кенеліп, шаңырақтағы адам саны бір жанға көбейді.
Елімізде бала туу көрсеткіші айтарлықтай өскен. Соңғы он жылда 21%-ға артыпты. Жалпы статистикалық мәлімет бойынша ауданда өткен жылдың қаңтар-қараша айында 1733 сәби дүниеге келген. Ал, оның ішінде 867-сі ұл болса, 866-сы қыз бала екен. Сонымен қатар, 2018 жылы 11 егіз бала дүние есігін ашқан. 2017 жылы 1697 сәби өмірге келіп, 2018 жылы бұл көрсеткіш 2,1 пайызға өскен.
Сондай-ақ, мамандар көбінесе орталыққа босануға келген әйелдердің жасы орташа есеппен 28-ді құрайды дейді. Сарапшылардың мәліметінше, елімізде бала туу көрсеткіші 2013-15 жылдар аралығында бір қалыпты болған. Ал, осы жылы кішкентай қазақстандықтардың саны едәуір арта бастапты. Тағы бір дерекке көз жүгіртсек, Қазақстанда 113 секунд сайын бір адам дүниеге келіп, 200 секунд сайын бір адам қайтыс болады екен.

Ж.ҚАУҒАНБАЕВА.
10 қаңтар 2019 ж. 3 028 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930