
Шиелі кентіндегі №288 сайлау учаскесіне «KAP Logistics» ЖШС ұжымы бір мезетте келіп, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады. Еңбек ұжымы ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсене қатысып, азаматтық белсенділіктерін танытты. Ұйымшылдық танытқан ұжым мүшелері өз дауыстарын беріп, ел болашағына қатысты маңызды таңдауға өз үлестерін қосты. Айта кетейік, биыл «KAP Logistics» ЖШС ұжымы кәсіпорынның 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы жылдар ішінде компания өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып, еңбек ұжымының тұрақты қызметімен ерекшеленіп келеді. Шиелі ауданында сайлау үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасуда. Тұрғындардың дауыс беруге белсенді қатысуы байқалады.