Ел болашағына үлес қосқан еңбек ұжымы
Бәйтерек ауылдық округіндегі №302 сайлау учаскесінде «Семізбай-U» ЖШС еңбек ұжымы белсенділік танытып, Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасады.Ұжым мүшелері бір ауыздан ұйымшылдық танытып, сайлау учаскесіне бірге келіп, азаматтық міндеттерін атқарды. Ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу арқылы олар өз таңдауларын білдіріп, қоғамның дамуына және ел болашағына деген жауапкершіліктерін көрсетті.
Сайлау – әр азаматтың өз пікірін білдіріп, елдің ертеңіне қатысты таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Осы ретте «Семізбай-U» ұжымы да белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Шиелі ауданында сайлау үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасып, тұрғындар өз таңдауын жасауға белсенді қатысуда. Ел болашағы үшін жасалған әрбір таңдау – ортақ мақсатқа бастар маңызды қадам.




