АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРУДЕ
Шиелі ауданындағы медицина саласының қызметкерлері Құрылтай сайлауына белсенді қатысып, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда. Күн сайын тұрғындардың денсаулығын қорғап, халыққа медициналық көмек көрсетіп жүрген ақ халатты абзал жандар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан да шет қалмай, азаматтық белсенділіктерін танытуда.Медицина мамандары сайлау учаскесіне ұжым болып келіп, өз дауыстарын беруде. Бұл – еңбек ұжымының ұйымшылдығы мен азаматтық жауапкершілігінің көрінісі.
Ақ халатты жандардың айтуынша, әр азаматтың өз таңдауын жасауы – елдің болашағына деген жауапкершіліктің белгісі. Сондықтан олар өз азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел дамуына қатысты маңызды таңдауларын білдірді. Шиелі ауданында сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасуда. Тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда.
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі








